"Майбалық негізгі мектебі" КММ-де әрбір мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жан-жақты арттыруға, жалпы педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін дамытуға және арттыруға, сайып келгенде, оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім деңгейін, тәрбиесі мен дамуын арттыруға бағытталған жұмыс жүргізілуде. 2022-2023 оқу жылында педагог қызметкерлердің барлығы 12. 8 педагог біліктілік санатына ие. 12 педагогтың 8 – і жоғары білімді, 4-і арнайы орта білімді. 2022-2023 оқу жылында 5 педагог аттестаттаудан өтеді: педагог-сарапшы санатын беру үшін – 2, педагог-модератор -3. Педагогтарды курстық даярлау: 10 педагог ПШО базасында Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан, "Өрлеу "БАҰО" СҚО бойынша ПҚ БАИ", жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қашықтықтан қысқа мерзімді курстардан өтті.